Адамдар да, ойыншықтар да өмір сүретін мекен туралы білесің бе? Ендеше «Балапанды» қос!«Еріншектер елі» хикаясын тамашала!
Жазғы демалысқа шыққан Стефани қаладағы ағасының үйіне қонаққа келеді. Оны қала тұрғындары мен балалардың қылығы таңғалдырады.
Олар қолдары қалт ете қалса, компьютер ойнап, тек тәтті жей береді екен. Тіпті өмірі доп ойнап та көрмеген.
Стефани досы Спортакуспен бірге балаларға спорттық ойындарды үйретеді. Осылайша Еріншектер еліндегі тұрғындар спортпен айналыса бастайды.
Мұндағы ең жалқау адам - Кесірбек. Ол барлық баланы үйлеріне кіргізіп, компьютер ойнауға мәжбірлейді. Кесірбек Еріншектер елінің қайта бұрынғы қалпына келуін армандайды.
«Еріншектер елі» телехикаясы дүйсенбі-бейсенбі күндері сағат 07:35-те эфирге шығады.