Астанада балалар операсының премьерасы өтеді

Астанадағы Конгресс Холлда Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының базасында 1 қазан - Халықаралық музыка күніне орай «Қаңбақ шал» балалар операсының концерттік орындалуының премьерасы өтеді.
Көрермендер Қаңбақ шалды оқыған ертегілері бойынша есте сақтаса, бірі қуыршақ спектакльдерінен тамашалаған. Ал, енді бірі режиссер А. Әбілқасымовтің мультфильмі арқылы таныған.
1979 жылы композитор Жолдыбай Дәстенов бұл сюжет бойынша бірінші қазақ балалар операсын жазып, туынды 80-ші жылдары Алматыда Абай атындағы Опера және балет театрының сахнасында көрсетілген.
Қазіргі заманғы қойылымға Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі (дирижері Ернар Нұртазин), камералық хоры және филармонияның классикалық вокал бөлімінің солистері қатысады.
Жас әртістердің орындауындағы келесі қойылым Астрид Лингреннің «Пеппи ұзын шұлық» ертегісінің желісі бойынша жазылған В. Дашкевичтің «Пеппи» мюзиклі болмақ.
astana.kz
ФОТО: accelerator.kz