Астанада оқушыларға арналған «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» атты достық сабағы ұйымдастырылады

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында 18 қыркүйекте сағат 12:00-де №4 және №8 балалар кітапханасының қызметкерлері «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» атты достық сабағын ұйымдастырады. Аталмыш шара Қ.Сәтбаев көшесінде орналасқан № 4 балалар кітапханасында да өтеді. Шараға № 28 орта мектептің 6-7 сынып оқушылары қатысады.
Сабақтың мақсаты - балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, бірлікке, ел тарихын зерттеуге, елімізде тұратын этнос мәдениетімен танысуға шақыру.
Шара барысында Қазақстанда тұратын этнос өкілдері және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы маңыздылығы туралы айтылады. Сабаққа Еврей мәдени орталығы төрағасының орынбасары қатысып, оқушыларға еврей халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін таныстырады.
Сондай-ақ, кітапхана қызметкерлерімен «Біздің күшіміз - бірлікте!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады. Қонақтарға Қазақстанда тұратын этностар, олардың салт-дәстүрлері туралы кітап, газет-журнал басылымдары ұсынылады.
astana.kz