Баянауылда «Алло, таланттарды іздейміз» атты байқау өтуде
Баянауыл ауданындағы өнер мектебі дарынды балалар арасында «Алло, таланттарды іздейміз» атты байқау ұйымдастыруда.
Сайыс аясында мектеп ұжымы өңірдегі ауылдарды аралап, іріктеу өткізеді. Ұйымдастырушылар бүгінге дейін бес ауылды аралап үлгерген.
Яғни, өнер мектебінің ұжымы әр ауылда әншілердің қатысуымен өтетін концертке қатысып, талантты балаларды таңдап алады.
Іріктеу аяқталған соң 4-6 сынып оқушыларынан топ құрылады. Балалар Жаяу Мұса атындағы колледжде қосымша білім алып, Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатында тұрады.
Жас жұлдыздар болашақта облыстық, республикалық жарыстарда аймақ намысын қорғайды деп жоспарлануда.
www.pavlodarnews.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02