«Балапан» телеарнасы «Ойлан, тап!» бағдарламасының жүргізушілеріне кастинг жариялайды
«Балапан» телеарнасы викториналық ойын-сауық «Ойлан, тап!» бағдарламасының жаңа маусымына жүргізушілер іздейді.
Кастингке 9-11 жас аралығындағы қазақ тілінде еркін сөйлейтін, алғыр, жүргізушілік қабілеті бар, камера алдында өзін еркін ұстайтын балалар қатыса алады.
Бағын сынап көргісі келетін өнерлі достарымыз 18 тамыз күні сағат 11:00-18:00 аралығында Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығына» келулері керек.
Айта кетейік, «Ойлан, тап!» бағдарламасы «Балапан» телеарнасының тікелей эфирінде болатын бағдарлама. Мақсаты: Тікелей эфирде көрерменмен интерактивті байланыса отырып, кішкентай достардың ғылыми-танымдық деңгейін арттыру.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02