Басты Жаңалықтар Бүгін Астананың барлық мектебінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сабақ өткізіледі

Бүгін Астананың барлық мектебінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сабақ өткізіледі

Бүгін Астананың барлық мектебінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сабақ өткізіледі

 

Бүгін Астананың барлық мектебінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сабақ өткізіледі.

Бұл тарихи датаны барлық қазақстандық бүгіннен бастап 13 қыркүйекке дейін мерекелейді.

Елордада «Қазақ елі» алаңында 50 киіз үй тігіліп, екі үлкен сахна, спорт алаңдары, алтыбақандар, тайқазан орнатылды. Мерекелік шараға  10 мыңнан астам адам қатысады, деп жоспарланған.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарының назарына қызықты ойын-сауық және концерттік бағдарлама ұсынады.

 Еліміздің әр өңірі үздік хореографиялық ұжымдардың, ансамбльдердің, халық және эстрада өнерінің солистерінің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламадан басқа, көрермендер назарына «Қазақстанның ежелгі қалалары» бейнепрезентациясын, «Қазақ ұлттық киімінің тарихы арқылы халық тарихын жеткізу» атты сән фестивалін, «Сиқырлы би әлемі» би фестивалін, «Бірлігіміз жарасқан» атты Қазақстан халқы достығы концертін, «Ғасырлар үні» этно-концерті ұсынылады.

Бұдан басқа, этноауылда жетім балаларға арналған экскурсия және астаналық дарынды жастардың қатысуымен концерт өткізіледі.

Аталмыш шарада қазақ күресі, тоғыз құмалақ, бұқа тартыс, арқан тартыс, асық ату сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылады. Мерекелік бағдарламаға сәндік-қолданбалы өнер көрме-жәрмеңкелері, халық шеберлерінің шеберлік дәрістері енгізілген.

Барлық облыстың ұлттық киім киген өкілдерінің шеруі 12 қыркүйекте сағат 10.00-де «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда өтеді.

Сондай-ақ, гала-концертте өңірлердің ең үздік номерлері көрермендер назарына ұсынылады.

 

ҚазАқпарат

Бөлісу