27 шілде 2016 жыл

«Балапан және оның достары». Пішіндер туралы

«Балапан және оның достары». Пішіндер туралы

Балапан жерге шеңбер салады. Бірақ, ол шеңберден қандай сурет салатынын ұмытып, жылайды. Достары қатты қапаланып, көмектесудің амалын іздей бастайды.

Сол кезде ақылды ұлу келеді. Ол шеңберден басқа, үшбұрыш, төртбұрыш, ромб тағы да басқа пішіндердің бар екендігін айтады. Оларды күнделікті өмірде кез келген жерде кездестіруге болатынын айтқанда, достар аң-таң болады.

Олар шеңбер пішініндегі заттарды атай бастайды. Сонда балапанның есіне түсіп, қатты қуанады. Ол өзін-өзі салмақ болыпты.

Қызыққа толы мультхикаяны бүгін 19:20-да «Балапан» телеарнасынан көре аласыңдар. 

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!