Басты Жаңалықтар Алматыда Якутияның «Гаухар циркі» қайырымдылық қойылым көрсетеді

Алматыда Якутияның «Гаухар циркі» қайырымдылық қойылым көрсетеді

Алматыда Якутияның «Гаухар циркі» қайырымдылық қойылым көрсетеді

Алматыда мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағынан аз қамтылған, жетім балаларға Якутияның «Гаухар циркі» тегін өнер көрсетеді. Қайырымдылық қойылым ертең Қазақ мемлекеттік циркінде өтеді.

Сондай-ақ, ресейлік өнер труппасы 12 қыркүйек пен 11 қазан аралығында алматылық балаларға «Мәңгі тоң жылуы» («Тепло вечной мерзлоты») эксклюзив цирк шоу бағдарламасын ұсынады.

Қойылым барысында бұғы, ақтүлкі, қасқыр мен лайка сияқты солтүстікті мекендейтін жануарлар да өнер көрсетеді.

Спектакль үшін 150 эксклюзив костюм даярланып, ғаламат декорация жасалған.

Шоуға цирк пен балеттің 30  әртісі, 10-нан астам жануар қатыстырылады.

Айта кетейік, «Гауһар цирк» Солтүстік полюстегі Саха Республикасының Якутск қаласында орналасқан. Саха Республикасының (Якутия) («Гауһар») Мемлекеттік циркі - Арктикадағы жалғыз цирк.

 

ҚазАқпарат

Бөлісу