09 қыркүйек 2015 жыл

Астанада «Тәтті алма» атты балаларға арналған шығармалар жинағының тұсауы кесілді

Астанада «Тәтті алма» атты балаларға арналған шығармалар жинағының тұсауы кесілді

 

Бүгін Астанадағы №70 мектепте «Тәтті алма» атты екі томдық балаларға арналған шығармалар жинағы мен www.tattialma.kz  балалар сайтының тұсаукесері өтті.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының жобалары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен, Елбасының «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірленген.

Шараға Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев, жинақты құрастырушы автор, жазушы Шәкен Күмісбайұлы және ақын-жазушылар мен мектеп оқушылары қатысты.

3000 данамен басылып шыққан кітаптың басым көпшілігі республикадағы балалар кітапханалары мен мектептерге таратылмақ.

www.tattialma.kz  сайтының басты мақсаты - балаларды әдебиет әлемімен таныстыру. Сайтқа жинаққа енген шығармалар орналастырылған. Сондай-ақ,  мультфильмдер, ертегілер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, және ата-аналарға арналған бөлім мен байқаулар бөлімі бар.

ҚазАқпарат

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!