«Бірге-бір» бағдарламасының жеңімпазы атануға тырысайық
«Балапан» телеарнасында дүйсенбі – жұма аралығында 16:00-де «Бірге-бір» бағдарламасы тікелей эфирге шығады.
Бағдарламада балалар арасында ойын болады. Ойында студия қонағы мен көрермен сайысқа түседі. Жарыс екі кезеңнен тұрады. Алғашқысы – «Сөзжұмбақ».
Алдымен ортаға ойыншы шақырылады. Ол хабарласқан көрерменге үш сөзді іс-қимыл арқылы жасырады.
Ал, көрермен қандай сөздер екенін табу керек. Әр сөзді табуға 15 секунд беріледі. Егер берілген 3 сөздің барлығын дұрыс тапса, екінші айналымға өтеді.
Екінші кезең – «Әнжұмбақ». Бұл айналымда студия қонағы құлаққап киіп, әннің ырғағына қосылады.
Хабарласқан көрермен оның қандай ән орындап тұрғанын табуы керек. Егер барлық тапсырманы орындаса, «Бірге-бірдің» жеңімпазы атанады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02