Жуырда! «Көжектер» жаңа анимациялық мультхикаясын көре аласыңдар!
Білімге құмар 2 көжек кішкентай достарын әдептілікке, тәрбиеге, тазалыққа, ұқыптылыққа шақырады. Әр бөлімінде қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйретеді. Айналадағы балаларға тылсым болған сұрақтардың жауабын бірге табады.
«Көжектер» мультхикаясында оқиға «Әдептілік-әдемілік», «Салауатты өмір салты», «Қоршаған орта», «Білім» сынды түрлі тақырып төңірегінде өрбиді.
Әр хикаяның соңында тұшымды ой айтылып, жақсылыққа үйретеді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыРесми мәлімдеме
12.05.2026, 15:55
«Би әлеміне самға!» мерекелік концерті
24.04.2026, 14:00
22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34