Алматы зообағына лори әкелінді
Алматы зообағына ерекше жануар - лори әкелінді. Мұндай экзотикалық жануарларды жеке тұлға сыйға тартқан.
5 және 11 айлық маймылға ұқсас жануарлар бүгінде Алматының ауа райына бейімделіп келеді.
Олар жәндіктерден бастап, ботқа, йогурт, жеміс жейді. Тәбеттері -жақсы. Жабайы табиғат аясында құстар, майда кесірткелер және жәндіктермен қоректенеді.
Мұндай жануарлар негізінен Оңтүстік-Шығыс Азияда, Шри-ланка, Үндістан елдерінде көп таралған.
Айта кетейік, тамызда зообаққа Отырар ғылыми-зерттеу институтынан киіктер жұбы әкелінген. Ғалымдардың айтуынша, олар мамонттар дәуірінен бері жер бетін мекен етіп келеді.
Зообаққа келушілері аталған жануарлармен таныса алады.
ҚазАқпарат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02