Семейде XVI республикалық Абай оқулары және I республикалық жыршылар байқауы өтеді
9-11 қыркүйекте Семейде «Абай-Шәкәрім» мұражай кешенінде мектеп оқушылары арасында XVI республикалық Абай оқулары және I республикалық жыршылар байқауы өтеді.
Аталған шараларға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жалпы білім беретін мектептерінің, республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың 5-11 сынып оқушылары қатысады, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Туады ерлер ел үшін...» І республикалық қазақ батырлық эпосы жыршыларының байқауы 9-10 қыркүйекте өтеді.
Байқаудың салтанатты ашылуы Семей қаласының Мәдениет үйінде ұйымдастырылады.
Ұлы ойшылдың 170 жылдығына арналған XVI Республикалық Абай оқулары 10-11 қыркүйекте өтеді. Абай оқуларының салтанатты ашылуы Абай ауданы орталығының Мәдениет үйінде болады.
Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, мақтау қағаздары, сертификаттар және арнайы жүлделермен марапатталады.
Айта кетейік, іс-шаралар аясында оқушылар Абай ауданындағы тарихи орындармен, М.Әуезовтың туған ауылындағы мұражай-үйімен, Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйімен танысады. Олар үшін Еңлік-Кебектің ескерткішінде, Шілікті кезеңінде, Үңгіртаста театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02