Басты Жаңалықтар «Менің елім!» республикалық сурет байқауының жеңімпаздары анықталды

«Менің елім!» республикалық сурет байқауының жеңімпаздары анықталды

«Менің елім!» республикалық сурет байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін Астана қаласындағы Оқушылар сарайында «Балапан» арнасының ұйымдастыруымен арнайы көрме өтті.

Байқауға келіп түскен жұмыстарды елімізге белгілі суретшілер, Суретшілер одағының мүшелері – Армат Бектасов, Гүлмарал Тәтібаева, Алмат Сырғабаев іріктеді. 150-ден аса туындының ішінде 30 еңбек іріктелініп, 8-і үздік деп танылды. Суреттер еліміздің барлық өңірінен топтастырылған. Сайысқа 6 мен 8 жас аралығындағы балалар қатысты. Суреттерде Қазақстанның әсем табиғаты, мемлекеттік рәміздері, ұлттық киім мен музыкалық аспаптары бейнеленген.

Көрмеге Астана қаласының оқушылары, ұстаздары, сонымен қатар, Астана қонақтары да қатысты. Алғаш ұйымдастырылып отырған бұл көрме 1 маусымХалықаралық балалар күніне тұспа-тұс келді. Көрменің жұмыстары көздің жауын алды, әсіресе кішкентай бүлдіршіндерге ерекше әсер қалдырғандай көрінді. Көрмеге іріктелініп алынған 30 қылқалам шеберлері алғыс хатпен марапатталды.

7 жасар Жақсылықтың айтуынша, ол сурет салуды кішкентай кезінен жақсы көреді. Әсіресе, туған жердің табиғаты, ана мен бала тақырыбы оның жанына жақын екен.

Шара соңында балалар бормен сурет салып, қызықты ойындарға қатысты.

Жеңімпаздар тізімі төмендегідей:

         Тоқтарбекқызы Гаухар

         Бекали Аякөз

         Петин Федор

         Берік Тәңірберген

         Талап Айда

         Ақеркем Тілекқабылқызы

         Ілияс Ажар

         Жайлаубек Жанерке

         Нұрмағанбетова Жансұлу

         Каминская Карина

         Мұратбекова Дильназ

         Яковлева Настя

         Қуаныш Батырхан

         Диасқызы Дәмелі

         Аубакирова Анель

         Садвакасова Дания

         Әушәріп Алтынай

         Төрехан Дана

         Самат Іңкәр

         Қасымсейіт Ақбота

         Черемисина Нұрай

         Аруана

         Усентаева Ақниет

         Мәткерім Саят

         Базан Адель

         Жандыбаева Гаухар

         Петина Дарья

         Мамырбек Малика

         Мейрамбек Ажар

Бөлісу