«Балапан» телеарнасы жариялаған «Менің елім!» республикалық сурет байқауы қорытындыланды
Туындыларды Астана қаласының Суретшілер одағы мүшелерінен құрылған арнайы комиссия іріктеді, олар: Армат Бектасов, Гүлмарал Тәтібаева, Алмат Сырғабаев. Байқау қорытындысы бойынша, республикамыздың түкпір-түкпірінен 150-ден аса жұмыс келген. Олардың ішінен 30-ға жуығы іріктеліп, 8 жұмыс үздік деп танылды.
Іріктеліп алынған суреттер бүгін 16:00-де Астана қаласындағы Республикалық оқушылар сарайында өтетін арнайы көрмеге қойылады.
Сонымен қатар, көрме аясында «Балапан» телеарнасының ұйымдастыруымен балалар арасында бормен сурет салу өткізілмек.
Айта кетейік, жұмыстарды қабылдау 25 сәуірден 25 мамыр аралығында жүргізілді. Сайысқа 6-8 жас аралығындағы қылқалам шеберлері қатысты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02