«Ойлан, тап» бағдарламасына қатысып, сыйлық ұтып ал!
Бүгін сағат 19:00-де Ақнұр Айболқызымен бірге «Жазғы ойын түрлері» тақырыбында арнайы викторина ойындары жүргізіледі.
Егер сен жазғы ойындарды жақсы көрсең, тікелей эфирге қатысып, көрермендермен бөліс. Және де «Тышқан мен мысық» ойынына қатысуды ұмытпа.
Ойын шарты мынадай: екі тышқан болады, достары оларға 1-ден 5-ке дейін ірімшік беруі мүмкін. Ал егер бидай берсе, бірден 10 ұпайға ие болады. Достарының үйінде қақпан болуы да ықтимал. Егер бір тышқан қақпанға түссе, қарсыласы екі рет қонаққа барады. Достарының үйінде мысық жасырынып отыруы мүмкін. Мысыққа ұсталып қалған тышқан ойыннан жеңілген болып есептеледі.
Бағыңды сынап көр, балақай!
Тікелей эфир телефондары: +7 (7172) 559 777, 559 888.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02