Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым!

Сонымен қатар, Мемлекеттік рәміздердің әр азамат үшін алар орнын анықтап, «Балапанның» көрермендері үшін әр бағдарлама қызыққа толы болмақ.
«Отан мәңгі гүлденеді»,-демекші, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – Мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен Тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Балақай, сенің жарқын болашағың үшін ешқашан жалықпай, білім алу жолында талма, дегіміз келеді. Сонда ғана Отанымыздың нағыз азаматы бола аламыз. Олай болса, біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы не білеміз? Олар қашан және қалай қабылданды? Авторлары кім? Осы сұрақтарға жоғарыда аталған бағдарламалар аясында жауап іздейтін боламыз.