18 мамыр 2016 жыл

«Ойлан, тап!» бағдарламасының «Тышқан мен мысық» ойынына қатыс!

«Ойлан, тап!» бағдарламасының  «Тышқан мен мысық»  ойынына қатыс!

Бағдарлама барысында  жүргізуші ақ халатты абзал жандар туралы мәліметтерді көрермендермен бөліспек.

Сонымен қатар, бүгінгі шығарылымда «Тышқан мен мысық» ойыны ойнатылады.

Ойын шарты бойынша, онда екі тышқан болады. Достары оларға 1-ден 5-ке дейін ірімшік беруі мүмкін.  Ал егер бидай берсе, бірден 10 ұпайға ие болады. Достарының үйінде қақпан болуы да ықтимал. Егер бір тышқан қақпанға түссе, қарсыласы екі рет қонаққа барады. Достарының үйінде мысық жасырынып отыруы мүмкін. Мысыққа ұсталып қалған тышқан ойыннан жеңілген болып есептеледі.

Бағдарлама соңында «Ойлан, тап!» жеңімпаздары анықталып, оларға арнайы сыйлықтар беріледі.

Тікелей эфир телефондары: +7 (7172) 559 777, 559 888. Тікелей көрсетілім 19:00-де, өткізіп алмаңыздар! Бағыңды сынап көр, балақай!

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!