Балақай, «Ойлан, тап!» бағдарламасының бүгінгі қызықты ойынына қатысып, жеңімпаз атан!

Бүгін сағат 19:00-де Еңлік Ғаниқызымен бірге «Төрт түлікті түгендейік» тақырыбында арнайы викторина ойындары жүргізіледі.
Ойын шарты бойынша, жүргізушінің төрт-түлікке байланысты қойылған сұрақтарына көрермендер жауап беріп, өз білімдерін сынайды.
Сонымен қатар, бүгінгі шығарылымда «Алтын кілт» ойыны ойнатылады.
Ойын шарты мынандай: Жүргізушінің оң жағында орналасқан шеңберде алтын кілт орналасқан. Алтын кілт кездейсоқ түрде белгілі бір ұяшықты таңдайды, ойыншы сол ұяшықта көрсетілген тапсырмаларды орындай келе 45 ұпай жинауы қажет. Әр дұрыс орындалған тапсырма 10-15 ұпаймен бағаланады.
Бірінші ұяшық: «Әуен». Таңдалған әуен орындаушысы мен ән атауын табу.
Екінші ұяшық: «Мәтін». Көрсетілген суретке қарап мәтін жазу.
Үшінші ұяшық: «Сиқырлы әріптер». Берілген әріптен басталатын үш сөз тауып, сөйлем құрастыру.
Төртінші ұяшық: «Сыйлық». «Балапан» телеарнасының дайындаған арнайы сыйлығына ие бола аласыз.
Бесінші ұяшық: «Сұрақ». Ойынға қатысушы жүргізушіге сұрақ немесе шарт қоя алады.
Алтыншы ұяшық: «Бейнесұрақ». Достарымыздың дайындаған сұрақтарына жауап беру.
Соңғысы «Қара ұяшық», егер сізге бұл ұяшық түсетін болса, ойын тоқтатылады. Ойынды бастау үшін, «Алтын кілт, айнал» ал, тоқтату үшін «Алтын кілт, тоқта» деген сиқырлы сөздерді айту қажет. Ендеше, іске сәт.