Басты Жаңалықтар Елімізде «Бала дауысы» атты ән байқауы өтеді

Елімізде «Бала дауысы» атты ән байқауы өтеді

Елімізде «Бала дауысы» атты ән байқауы өтеді

23-28 мамыр аралығында Республика сарайында өтетін байқауға әр өңірден келген дарынды балалар қазақстандық және әлемдік хит әндерді мюзикл жанрында орындайды.

Ал, балалар өнерін отандық эстрада жұлдыздары, композиторлары мен продюсерлер бағалайды. Жартылай финалға 16 үміткер іріктелуі тиіс.

Сонымен қатар, жас әншілер жазғы музыка мектебінде дәріс алып, әрқайсысына арналып авторлық ән жазылады. Ұлттық конкурстың финалы Астанада өткізілмек. Айта кетейік, қазылар алқасынан  бөлек, балалардың өнерін телекөрермендер де тамашалайды.

«Елімізде тұратын барлық халықтардың тілдерінде балаларға арнап ән жазамыз. Екінші мақсатымыз - балалардың шығармашылығын дамыту. Үшінші мақсатымыз - біздің мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету. Біздің байқауымыз 5 кезеңнен тұрады»,- деді  «Бала дауысы» байқауын ұйымдастырушы Мұрат Исаханов.

Бөлісу