Оңтүстік Қазақстан облысында «Мектепке қауіпсіз жол» акциясы басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында ОҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының мектеп инспекторлары, кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар және жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Мектепке қауіпсіз жол» акциясы басталды.
Аталған шара жаңа оқу жылында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың жолдағы қауіпсіздігіне ересектердің назарын аудару мақсатында өткізілуде.
Республикалық, облыстық маңызы бар жол бойында орналасқан облыс бойынша жарты миллионнан астам оқушы оқитын 1022 мектепте кезекшілікке қосымша Жол патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылып, олардың жұмысы Әкімшілік полиция басқармасымен ерекше назарға алынды.
Акция барысында жасөспірімдердің жолда жүру қауіпсіздігі ерекше бақылауға алынады. Сонымен қатар, мектеп маңайында абаттандыру бойынша бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда.
Айта кетейік, «Мектепке қауіпсіз жол» акциясы 2016 жылдың 25 мамырына дейін өз жалғасады.