8 жастағы Жақас Қозыбақ Нью-Йоркте теннистен өткен турнирде жеңімпаз атанды

8 жастағы қызылордалық Жақас Қозыбақ теннистен Нью-Йоркте өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды. Оның ойнау мәнерін мамандар атақты теннисшілерге ұқсатқан.
Дәл осы кортта Энди Роддик үлкен спорттағы жолын бастаған еді. Ал, қазір мұнда жыл сайын жас теннисшілер арасындағы «Little Mo» турнирі өтеді.
Соңғы сайыста қызылордалық спортшы Жақас Қозыбақ ерекше көзге түсті. Осыған дейін АҚШ-тың Флорида штатында өткен додада топ жарған қазақтың қаршадай баласы Нью-Йоркте де ешкімге есе жібермеді.
«Теннистен асатын спорт түрі жоқ деп ойлаймын. Мен қарсыластарымның барлығын 6-0 есебімен жеңемін. Есейген соң «Үлкен дулыға» турнирлерін ұтып алғым келеді. Мен теннисті ата-анамды, Қазақстанды және әлемді қуанту үшін ойнаймын», - дейді Жақас Қозыбақ.
ҚазАқпарат