«Ойлан, тап!» хабарының бүгінгі ойынына қатыс!

Балақай, «Ойлан, тап!» хабарының қызықты ойынына қатысып, жеңімпаз атан!
Бүгін сағат 13:00-де Еңлік Ғаниқызымен бірге «4 сурет, 1 сөз ойынын» ойнаймыз.
Ойын шарты бойынша, тақтайша беріледі. Онда 4 ұяшық болады. Ойыншы қалаған ұяшықты таңдап, суретті ашады. Әрбір сурет ашылған сайын 25 ұпай кеміп отырады.
Ал, сағат 19:00-дегі хабарды Ақгүл Жарылғасын жүргізеді. Ол көрермендермен бірге «Сиқырлы сандар» ойынын ойнайды.
Ойын шарты мынадай: ойыншығы 20 сан беріледі. Ол сандарды ашу арқылы ұпай жинайды.
Сандардың ішінде 3 кедергі болады. Біреуі - «Нота» белгісі.
Егер ойыншы осы ұяшықты ашса, жүргізуші бір сөзді керісінше оқиды. Көрермен жасырылған сөзді табуы керек.
Екіншісі - «Сұрақ» кедергісі. Мұнда ойыншы жүргізушінің қойған сұрағына жауап беру керек.
Үшінші кедергі – «Жарылғыш». Егер ойыншы осы ұяшықты ашса, ойын аяқталады.
Айта кетейік, «Ойлан, тап!» хабары дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13:00 және 19:00-де тікелей эфирге шығады.
Тікелей эфир телефондары: +7 (7172) 559 777, 559 888.