Басты Жаңалықтар «Балапанда» - Грув академиясындағы қызықтар

«Балапанда» - Грув академиясындағы қызықтар

«Балапанда» - Грув академиясындағы қызықтар

Көрермендердің сұрауы бойынша, «Грув академиясы» мультхикаясы қайта эфирде.

Мультхикая Том және Зой туралы. Олардың арманы – жұлдыз болу. Алайда оған жету – оңай емес.

Балақайларда бір ғана жол бар. Олар қалай да Грув академиясына қабылдануы қажет. 

Бірде оларға академияның музыкалық курсында оқуға ұсыныс түседі. Онда екі жыл оқу керек. Одан соң топтарына 5 музыкант алуға рұқсат беріледі.

Екі дос мұндай мүмкіндікті пайдаланып,  Грув академиясында оқуға келіседі. Бұл арқылы үлкен жетістікке жетуді көздейді.

Бірақ  академия қабырғасында олар түсіне бермейтін оқиғалар болады. Том мен Зой армандарына жете ме?

 «Груф академиясы» мультхикаясы дүйсенбі-жұма аралығында  сағат 11:20-да эфирге шығады. Қайталауы 15:35 және 20:20-да.

Бөлісу