Басты Жаңалықтар Астанадағы Қуыршақ театрында «Ормандағы оқиға» ертегісі қойылады

Астанадағы Қуыршақ театрында «Ормандағы оқиға» ертегісі қойылады

Астанадағы Қуыршақ театрында «Ормандағы оқиға» ертегісі қойылады

 

30 сәуірде Астана қаласындағы Қуыршақ театрында кішкентай бүлдіршіндерге арналған  «Ормандағы оқиға» ертегісі сахналанады.

Қойылым желісі бойынша,  орманда ерке түлкішек пен тәрбиелі кішкентай  көжек дос болады. Екеуінің достығы олардың ата-анасы қызғылт түлкі мен қатал қоянға ұнамайды.

Ал, мейрімді әке аю мен оның ақкөңіл ұлы қонжық екеуі орманда тыныштық болғанын, бәрінің тату-тәтті өмір сүргенін қалайды.

Күндердің күнінде ерке түлкішек  қиындыққа тап болады. Оны достары көжек пен қонжық өздерінің өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамай, құтқарып қалады.

Тек сонда ғана олардың ата-аналары адал достықты бағалап, татуласады. Орманда тыныштық орнайды.

Айта кетейік, «Ормандағы оқиға» ертегісі сағат 12:00 және  14:00-де қойылады. 

Бөлісу