Басты Жаңалықтар Бүгіннен бастап «Майя» мультхикаясы қайта эфирге шығады

Бүгіннен бастап «Майя» мультхикаясы қайта эфирге шығады

Бүгіннен бастап «Майя» мультхикаясы қайта  эфирге шығады

 

Көрермендердің сұрауы бойынша, бүгіннен бастап «Майя» мультхикаясы эфирге шығады. 

Туынды кішкентай ара Майя туралы.  Ол - мейірімді, көңілді, әділ. Үнемі айналасындағыларға көмектескісі келеді.

Майя барлық ара сияқты  омартада дүниеге келеді. Дәл сол сәтте ара ұясы екі бөлікке бөлінеді. Сондықтан  оны мұғалімі Кассандра тәрбиелейді.

Үлкендер оған үнемі ұядан алысқа кетпеуді ескертеді. Себебі көгал қауіпті.

Алайда Майяның омартадан тысқары әлемді зерттегісі келеді. Бір күні ол Кассандра мұғалімнің ескертуіне қарамай, досы  Виллидің көмегімен ұядан қашып кетеді.

Майя омартаға орала ма? Мұны «Балапан» телеарнасынан көрсетілетін мультхикаядан біле аласыңдар.

«Майя» мультхикаясы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 10:15-те көрсетіледі. Ал, қайталауы 15:15, 19:20-да. 

Бөлісу