Басты Жаңалықтар Астанада балалар өз роботтарын таныстырады

Астанада балалар өз роботтарын таныстырады

Астанада балалар өз  роботтарын таныстырады

23 сәуірде Астанадағы М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «KazRoboSport-2016» аймақтық чемпионаты басталады. Шарада балалар өз  роботтарын таныстырады.

Чемпионат төрт санат бойынша өткізілмек. Сайыс барысында қатысушылардың роботтары өзара сынға түседі.

Жарысқа  2 адамнан тұратын 30-ға  жуық топ қатысады деп күтілуде.  Негізінен, Назарбаев Зияткерлік мектебі, «Роботек» робототехника клубы, «Шестеренки» эксперименталды механика және робототехника клубының балалар мен жасөспірімдер командалары, сондай-ақ, Ақмола облысы, Қарағанды және Көкшетаудан келген командалар бақтарын сынамақ.  

Ережеге сәйкес, сайысқа 10- 25 жас аралығындағы  жастар қатысады. Жеңімпаздар қыркүйек айында өтетін «KazRoboSport»  жарысының республикалық кезеңіне жолдама алады.

Сонымен қатар, сайыс аясында «Білім беретін робототехника» тақырыбында шеберлік дәрісі өткізілмек. Балаларға 3D баспаның ерекшелігі мен принциптері туралы да айтылады.

astana.gov.kz

Бөлісу