Басты Жаңалықтар Жеңімпаз жеткіншектер қандай қызыққа тап болады?

Жеңімпаз жеткіншектер қандай қызыққа тап болады?

Жеңімпаз жеткіншектер қандай қызыққа тап болады?

«Балапан» телеарнасы «Жеңімпаз жеткіншектер» мультхикаясын көрсетуде.

Туындының  басты кейіпкері - Батыл балақай. Ал, оның достары – Ханна, Гопал және Ин. Мультхикаяда  балалар өзгеғаламшарлықтармен күреседі.

Себебі олар Жер шарындағы барлық какао ағашын алып кетуді көздейді. Ал, какао мұнда сарқылуға айналған.

Өзгеғаламшарлықтар бұл ағаштан қуат көзін алады. Сондықтан  Жердегілерге какаоны өз еріктерімен өткізуді талап етеді. Алайда, Батыл балақай, Ханна, Гопал және Ин оларға қарсы тұрады.

«Балапан» телеарнасынан балалар мен өзгеғаламшарлықтардың тартысын бірге тамашалайық!

 «Жеңімпаз жеткіншектер» мультхикаясы бүгін сағат 12:15, 17:05 және 21:05-те эфирге шығады. 

Бөлісу