Италияда «Баянауыл вальсiн» шырқаған павлодарлық 5 сынып оқушысы Мария Затварницкая бірінші орынға ие болды

Италияның Рим қаласында «Melos» Халықаралық мәдени қауымдастығымен ұйымдастырылған концертте павлодарлық Мария Затварницкая «Академиялық вокал» аталымы бойынша бірінші орынға ие болды.
Облыстық білім беру басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Santa Cecilia консерваториясында Италия, Ресей, Украина, Беларусь және Польша елдерінің музыканттары бас қосқан.
Павлодар облысының «Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешенінің 5 сынып оқушысы Мария Затварницкая Нұрғиса Тілендиевтің «Баянауыл вальсi» атты әнін орындады.
Жас өнерпаз республикалық және 8 халықаралық конкурстың лауреты. Вокал бойынша оқытушысы - Вера Бородихина.
«Конкурсқа қатысу - Мария үшін өте жауапты қадам. Себебі, ол еліміздің атынан өнер көрсетті», - дейді музыкалық мектеп-интернатының директоры Виктор Денисенко.