Үш жастағы қызды судан құтқарып қалған Мұхамедәли Құрақтың ерлігі ел аузында (ВИДЕО)

Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Қосағаш ауылының тұрғыны Мұхамедәли Құрақтың жасаған ерлігі қазір ел аузында. Ол ауыл маңындағы Қаржан өзеніне ағып бара жатқан 3 жастағы қызды ажалдан құтқарып қалған.
Өзінің айтуынша, сол сәтте ауыл сыртында мал бағып жүрген. Оқиға болған уақытта 3 жасар Ақбілектің ағалары келіп, қарындастарының суға ағып бара жатқанын айтып, көмек сұрайды.
Мұхамедәли бірден мұздай суға қойып кетіп, кішкентай қызды алып шығады. Студияға келген әкесі Ақмен Құрақ баласының әрекетіне дән риза.
4 сынып оқушысы бұл ерлігі үшін аудан әкімдігі тарапынан да марапатқа ие болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25
«Balapan» арнасында жаңа мультхикая
03.02.2025, 09:00
🏆 «Balapan» телеарнасы – «Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық марапатына ие болды
16.01.2025, 20:00