«Балапан» арнасынан жақында «Кім болам?» атты жаңа бағдарлама шығады (ВИДЕО)
Жақында «Балапан» телеарнасы кішкентай көрермендеріне «Кім болам?» атты жаңа бағдарлама ұсынбақ.
Бағдарламада балалар түрлі мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, сол саланы меңгеріп көруге мүмкіндік алады. Яғни, балдырғандар «Профиленд» мамандықтар қалашығына барып, қалаған кәсібінің қыр-сырына үңіліп, білгісі келген сұрақтарына жауап таба алады.
Сондай-ақ, «Профиленд» - бүлдіршіндерге арналған қызықты ойын алаңы.
Танымдық сюжеттер арқылы қалаған кәсібің туралы толық ақпарат білгің келсе, «Кім болам?» бағдарламасын көр!
Мамандықты бірге таңдайық!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02