Басты Жаңалықтар Байқоңыр қаласында Ғарышкерлер күніне арналған «Ғылым әлемін ашамыз» атты байқау аяқталды

Байқоңыр қаласында Ғарышкерлер күніне арналған «Ғылым әлемін ашамыз» атты байқау аяқталды

Байқоңыр қаласында Ғарышкерлер күніне арналған «Ғылым әлемін ашамыз» атты байқау аяқталды

Байқоңыр қаласында Ғарышкерлер күніне арналған XII «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық ғылыми жарыс аяқталды. Білім додасы Ғарышкерлер күні қарсаңында жыл сайын өткізіледі.

Басты мақсат - отандық және әлемдік ғарыштық жетістіктерді насихаттау.

Ғылыми жобаларды қорғау бес бағыт бойынша жүргізілді: «Зымырандық техника және инфрақұрылым», «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу», «Экология және ғарыштық қызмет», «Күн жүйесі», «Астрофизика және дүниежүзінің эволюциясы».

Жарысқа 11 сынып оқушылары - биылғы республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша елордалық 26 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде 9-ы алтын, 7-еуі күміс және 10-ы қола жүлде.

 

astana.gov.kz

Бөлісу