Басты Жаңалықтар «Қазақ елі» мультфильмі мамыр айынан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды

«Қазақ елі» мультфильмі мамыр айынан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды

 «Қазақ елі» мультфильмі  мамыр айынан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Шымкентте «Қазақ елі» деп аталатын алғашқы толық метражды анимациялық фильм көрермен назарына ұсынылды.

Оңтүстікқазақстандық аниматорлар оны жасау үшін 8 ай бойына тынымсыз еңбек еткен.

Ұзақтығы бір сағаттық тарихи туындыда Қазақ хандығының құрылу кезеңі суреттеледі. Оның негізін қалаған Жәнібек пен Керейдің бала кезінен хандықты құрғанға дейінгі өмір жолдарын қамтиды. Барақ пен Болат, Әбілқайыр сұлтандар және қазақ даласындағы Сауран, Сығанақ, Отырар, Түркістан қалалары көрсетіледі.

Туынды бірліктің маңызын түйсіндіріп, батырлықты насихаттайды.

Фильм мамыр айынан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.  

Бөлісу