Басты Жаңалықтар «Витаминка» атанып кеткен кішкентай Әминаның «Балапан» арнасынан үйренгені көп (ВИДЕО)

«Витаминка» атанып кеткен кішкентай Әминаның «Балапан» арнасынан үйренгені көп (ВИДЕО)

«Витаминка» атанып кеткен кішкентай Әминаның «Балапан» арнасынан үйренгені көп (ВИДЕО)

Алматылық 5 жасар Әмина, 3 жастағы Әдия және 1,5 жастағы Аружан қызық бейнероликтерімен интернет қолданушыларының көзайымына айналды. 

Апалы-сіңлілер жуырда Ресейге барып, «Пусть говорят» бағдарламасына қонақ болып келді. 

Олардың  бейнероликтері ғаламторда 2015 жылдың тамыз айынан бері жарияланып келеді.  «Планшетті сіңліңнен қалай тартып алуға болады?», «Ауа райы, сен неге жиіркеніштісің?», «Әйел мен жастық», «Шоколадты кім жеді?» вайн-роликтері бірнеше миллион қаралымға ие болған.

«Витаминка» атанып кеткен алғыр қыз әншілерге де пародия салып жүр.

«Әминаға әріптерді әлі үйретпеген болатынбыз. Атасы 1-2 рет көрсетіп еді, бірден үйреніп кетті. Қазір көшедегі жарнамаларды, кітаптағы сөздерді еркін оқиды. 1,5 жасында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде санауды білді. Ол мультфильмдердің әсері деп ойлаймын. «Балапан» арнасынан үйренгені көп», дейді анасы Арай Малғаждар.

 

 

Бөлісу