«Балапан» телеарнасы танымдық-интеллектуалдық бағыт бойынша аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды
«Қазақстан» РТРК» АҚ «Балапан» телеарнасы танымдық-интеллектуалдық бағыт бойынша аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды.
Байқауға қатысу туралы өтінімдер 2016 жылдың 30 наурызы мен 8 сәуірі аралығында Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 үй, 18 қабат, «Балапан» телеарнасы мекенжайы бойынша қабылданады.
Бағдарламаның жанрлық бағыты танымдық-интеллектуалдық, ұзақтығы - 20-40 минут, аудиториясы 5 жастан жоғары, тілі қазақша болуы шарт.
Аутсорсинг компанияның телевизия саласындағы жалпы жұмыс өтілі бес жылдан кем болмауы керек. Ұсынылған бағдарламадан басқа да шығармашылық жұмыстары ескеріледі.
Толық ақпаратты 8 (717) 2 55 38 01 телефон нөміріне хабарласып біле аласыздар.
Электронды мекенжайымыз: balapan@kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02