Басты Жаңалықтар Елордалық оқушылар республикалық Олимпиадада бірінші орын иеленді

Елордалық оқушылар республикалық Олимпиадада бірінші орын иеленді

Елордалық оқушылар республикалық Олимпиадада бірінші орын иеленді

Петропавлда қоғамтану-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық Олимпиадасының ІV кезеңі аяқталды.

Жарысты ұйымдастырушы - «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы.

Елордалық оқушылар тоғызыншы рет жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, «Үздік команда» атанды.

Астана қаласының білім беру мекемелерінен олимпиадаға 34 оқушы қатысты. Бес күн бойы олар қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері пәндері бойынша өз білімдерін сынады.

«Бұл - 15 пән бойынша өткізілетін жыл сайынғы Олимпиада. Оқушылар арасында іріктеу төрт кезеңмен жүргізілді. Финалға ең мықты 34 бала шықты. Жарыс қиын болды. Оған еліміздің үздік мамандандырылған мектептерінің өкілдері қатысты. Дегенмен, біздің оқушылар тоғызыншы рет топ жарып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға қол жеткізді», - дейді «Астана дарыны» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыру-педагогика жөніндегі директордың орынбасары Әлия Аяпова.

Олимпиада нәтижесі бойынша 18 оқушы жүлдегер атанды. Үш оқушы - І, сегіз оқушы - ІІ және 7 оқушы ІІІ орын иеленді.

Бөлісу