«Астана Опера» театрында бүгін «Жануарлар карнавалы» концерті өтеді
Астана қаласындағы «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры балаларға арналған «Жануарлар карнавалы» әдеби-музыкалық концертін ұсынады.
Шара барысында кішкентай көрермендер үшін арнайы жазылған ең танымал шығармалардың бірі – француз композиторы Шарль-Камиль Сен-Санстың «Жануарлар карнавалы» сюитасы орындалады.
Сондай-ақ, балалар симфониялық оркестр аспаптарының дыбыстарымен танысып, олардың жануарлар мен құстардың дауысына қалай салатынын тыңдап, қылықтарын қалай дәл келтіретінін тамашалай алады.
Концерт бүгін сағат 12:00-де орыс, 14:00-де қазақ тілінде өтеді. Ал, ертең 25 наурыз - 14:00-де орыс, 16:00-де қазақ тілінде болады.
Фото:bmtv.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02