«Айгөлек» сазды жобасы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған концерт ұсынады (ВИДЕО)
«...Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда...»
«Балапан» телеарнасының «Айгөлек» сазды жобасы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған концерт ұсынады.
Думанды шара барысында әнші балақайлар Наурыз туралы әндер шырқайды. Ал, өнерлі балалар түрлі қойылым ұсынады. Сондай-ақ, ұлттық ойындар туралы көріністер қойылады.
Концертке эстрада жұлдыздары да қатысады.
«Айгөлек» сазды жобасының мерекелік шығарылымы 22 наурыз күні сағат 14:45-те эфирге шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02