01 қыркүйек 2015 жыл

1 сынып оқушыларына Елбасы атынан «Менің Отаным - Қазақстан» кітабы тапсырылды

1 сынып оқушыларына Елбасы атынан «Менің Отаным - Қазақстан» кітабы тапсырылды

Бүгін - Білім күні. Мектеп табалдырығын аттаған барлық қазақстандық бүлдіршіндерге Елбасы атынан «Менің Отаным - Қазақстан» кітабы тапсырылды.

«Қымбатты жас дос! Сен жаңа белеске қадам бастың - мектепке келдің, оқушы болдың!

Бұл сен үшін үлкен мереке. Ал мерекеде сыйлық беріледі. Бұл кітап - менің саған жасаған сыйлығым!

Мектепте сені қызықты жаңалықтар мен ғажайып оқиғалар күтіп отыр.

Қазақстан - біздің Отанымыз. Өз Отаныңның тарихы мен мәдениетін, ана тіліңді білуің керек. Бұған алғашқы ұстазың мен оқулықтарың, осы кітабың көмектеседі.

Қазақстанның болашағы жарқын. Елімізде татулық, береке болады. Бұған достарыңмен бірге сен де өз үлесіңді қосасың. Білім әлеміне саяхатың сәтті болсын!», - делінген Мемлекет басшысының  білім шаңырағының есігін ашқалы отырған оқушыларға арнаған сөзінде.

Айта кетсек, бүгін еліміз бойынша 366 мың балдырған мектеп партасына отырды.  

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!