Жапониядағы білім беру жүйесі туралы білесің бе?

Жапонияда білім беру жүйесі бірнеше сатыдан тұрады. Міндетті емес сатысы – балабақша. Сондай-ақ, бастауыш, орта және жоғары мектеп болып бөлінеді.
Мұндай мектептердің ерекшелігі - орта мектептен соң оқушылар түрлі арнайы мектептерге және техникалық колледждерге ауысып кете алады.
Сонымен қатар, университеттер мен университеттік емес секторларға бөлінетін жоғары білім беру жүйесі.
Жапонияда балабақша міндетті білім беру сатысы саналмайды. Балалар балабақшаға, әдетте, 4 жастан бастап, ата-аналарының қалауымен барады.
Балабақшаның барлығы - жекеменшік. Олардың ішінде беделді университеттер қамқорлығындағы элиталық балабақшалардың алар орны ерекше.
Егер балақай мұндай балабақшаға баратын болса, оның болашағын жарқын болады деп есептеуге болады. Себебі мектеп жасына келгенде ол университет мектебіне ауысады. Одан кейін университетке емтихан тапсырмай-ақ түседі.
Университеттен диплом алған кезде қомақты еңбекақы төленетін қызметке орналасуына кепілдік беріледі. Сондықтан беделді университет жанындағы мұндай балабақшаға орналасу - өте қиын.
Ата-аналар мұнда өз балаларын оқыту үшін қаражат төлейді. Сонымен қатар, тәрбиеленушілер тестілеуден өтеді.
Тәрбиешілер балаларды өзара қарым-қатынас жасауға бейімделуі үшін шағын топтарға бөледі. Мұндай тәсіл мектепке дейінгі білім беруде аса маңызды.
Топ балалардың қабілетіне қарай емес, олардың іс-әрекеттеріне қарай құрылады.
Жыл сайын топ қайта құралады. Топ құрамын жиі ауыстыру - оларға ортаға бейімделуге мүмкіндік береді.
Егер бала өзге балалармен қарым-қатынас жасай алмаса, басқа топтағы балалардан өзіне дос табуы мүмкін.
Сондай-ақ, Жапонияда балаларды кішкентай кезінен бәсекелестікке тәрбиелейді.
Бұл баланың бойына жалпыға ортақ деген ұғымды шебер қалыптастырады. Мысалы, берілген тапсырманы айналасына кедергі келтірмей орындайтын, кез келген ұжымда жұмыс істей алатын тұлға болып қалыптасуына әсер етеді.
Ғалия ТҰРЫСБЕКҚЫЗЫ