1 қыркүйек - Білім күні
Достар, шуақты жаз мезгілі аяқталып, оқу-білімге ден қоятын шақтарың басталды. Қыркүйек айының алғашқы күнінде сендер алтын ұя мектептеріңмен қауышып, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыңды көріп, қуанышқа кенелесіңдер.
Жаңа оқу жылының басталуы елімізде «Білім күні» атауымен мерекеленеді.
Биылғы оқу жылы республика мектептерінде «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбымен аталып өтпек.
Еліміз бойынша 1 сыныпқа шамамен 340 мың бүлдіршін барады. Олардың әрқайсысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан естелік сыйлыққа - «Менің Отаным - Қазақстан» атты кітабын алады.
Балалар, сендерді Білім күнімен құттықтай отырып, жаңа оқу жылында жаңа белестерді бағындыруларыңа тілектеспіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02