Басты Жаңалықтар «Бірге-бір» хабарының жеңімпазы атан!

«Бірге-бір» хабарының жеңімпазы атан!

«Бірге-бір»  хабарының жеңімпазы атан!

Достар, «Бірге-бір»   ойынына қатысуға дайынсыңдар ма? Ендеше бүгін сағат 16:00-де «Балапан» телеарнасын қосыңдар.

Бағдарлама тікелей эфирге шығады. Ойында студия қонағы мен көрермен сайысқа түседі.

Алдымен ортаға ойыншы шақырылады. Ол хабарласқан көрерменге үш сөзді іс-қимыл арқылы  жасырады.

Ал, көрермен қандай сөздер екенін табу керек. Әр сөзді табуға 15 секунд беріледі. Егер берілген 3 сөздің барлығын дұрыс тапса, екінші айналымға өтеді.

Екінші кезеңде студия қонағы құлаққап киіп, әннің ырғағына қосылады. Хабарласқан көрермен оның қандай ән орындап тұрғанын табуы керек. Егер ол барлық тапсырманы орындаса, «Бірге-бір» хабарының жеңімпазы атанады.

Бағдарламаның тікелей эфир телефондары: +7 (7172) 554 333, +7 (7172) 554 444.

Бөлісу