«Балапанның» ата-анасына
Бала мерзімінен бұрын дүниеге келуі және жүйке жүйесінің әлсіз болуынан түрлі сырқатпен ауырады. Оны емдеудің бір тәсілі - массаж. Сылап-уқалау барысында сәбидің ұйқы безі жақсарады. Бұл ем оның тез жүріп кетуіне, толық қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Массаждың үш түрі бар: емдік, алдын алу және емдік-алдын алу массажы.
Емдік массаж дәрігерлердің көмегімен мамандандырылған емханаларда және стационарларда жасалады. Ол неврологиялық аурулар: ауыр дәрежедегі гипотонус, гипертонус, неврологиялық сал ауруы, дисплазия, кіндік және шап жарықтары, буындардың, омыртқаның дұрыс бітпеуі жағдайларында жасалады.
Алдын алу массажын үй жағдайында жасауға болады.
Үй жағдайында массаж бен гимнастиканы сәби туылғаннан кейін 1,5-2 айдан кейін бастауға болады. Массаж жасау әдістері жөнінде емханадағы учаскелік дәрігерден немесе медбикелерден кеңес алып тұрған жөн.
Массаж жасайтын бөлменің дұрыс желдетілуін, ондағы ауа температурасының 20 градустан төмен болмауын қадағалау керек. Жаттығу тамақтануға 30 минут қалғанда немесе тамақтанып алғаннан кейін 1-1,5 сағат ішінде күніне екі рет жасалады. Ал, уақыты 10-12 минуттан аспауы керек.
Массаж нәрестенің психикалық дамуын, қан айналымын реттеп, ағзадағы зат алмасу процесін жақсартады. Сондай-ақ, денесінің шымыр болуына әсер етеді.
Материал «Қазақстан» ҰТА, «Таңшолпан» таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасының «Ана мен бала» айдарындағы кеңестер бойынша әзірленді.