Басты Жаңалықтар Ерекше қабілетке ие бүлдіршіндер (ВИДЕО)

Ерекше қабілетке ие бүлдіршіндер (ВИДЕО)

Ерекше қабілетке  ие бүлдіршіндер (ВИДЕО)

Бүгінде ерекше қабілетімен талайды таңқалдырып, көпшілікті өздеріне тәнті еткен бүлдіршіндер көп. Олардың бірі әнші, бірі биші болса, ендігісі асқан білімімен ерекшеленеді.

6 жастағы австралиялық бүлдіршін Райли Дэшвуд сүтті қарамай тұрып, тоңазытқышқа салып, нанды тостерге дәл түсіре алады. Кішкентай Райлидің шеберлігін шыңдауға әкесі көмектеседі. Ол үздіксіз жаттығудың арқасында бүгінгідей нәтижеге жеткен.

Ал, музыканың ырғағына сай қимылдау - жылдамдық пен ерекше талғамды қажет етеді. Бұл қасиеттер Диана Егорованың бойында тоғысқан. Ол хип-хоп биімен үш жастан бастап айналысады. Лос-Анджелес пен Нью-Йорк қалаларына барып, көпшілікке өз өнерін дәлелдеп қайтқан.

Ерекше балалардың тізімін 9 жастағы Полтава тұрғыны, гимнастшы Эмили Москаленко және опералық әндердің орындаушысы Амира Виллигхаген жалғастырады.

Өнерлі бүлдіршіндер туралы толығырақ «Таңшолпаннан» тамашалай аласыңдар. 

Бөлісу