Павлодар облысында өткен «Бабалар мұрасын сақтап, қорғаймыз» атты көрме-байқауы қорытындыланды
Павлодар облысының Ертіс ауданында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен «Бабалар мұрасын сақтап, қорғаймыз» атты көрме-байқауы қорытындыланды.
Шара нәтижесі бойынша мата, мақта және капроннан жасалған «Қыдыр ата» қуыршағы мен сирек кездесетін жапондық «кинусайга» техникасымен орындалған «Самұрық құсы» суреті І орынға ие болды.
Жұмыс авторлары - Ертіс ауданы, Қараағаш жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Раухана Салықова, М.Горький мектебі технология пәнінің оқытушысы Гүлзинат Сәдуақасова.
Сайысқа ауданның 13 мектебінен келген 5-9 сынып оқушылары ағаш, қағаз, тоқыма, майда моншақ, табиғи материал, гипс, ермексаз, жүн, тұздалған қамыр және теріден жасалған 300-ге жуық туынды ұсынған.
pavlodarnews.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02