Жас аниматор Бекзат Исамбергенов көрермендерге 2017 жылы ұсынылатын «Мұзбалақ» толықметражды мультфильмінің анимациясын жасауда.
Кішкентайынан комикс, антропоморф кейіпкерлерін және тағы да басқа көркем образдарды салып үйренген жас суретшінің өсе келе анимацияға қызығушылығы артады.
Суретші туындыларынан авторлық ерекшелік бірден байқалады. Ол шынайлыққа жанаспайтын бейнелерді салып, жануарларға ерекше түс бергенді ұнатады.Алғашқы туындыларын қазақ поэзиясының кейбір үлгілері бойынша жасалған «Сиқырлы кітаптар» атты мультхикаядан көруге болады.
Сондай-ақ, «Тастүлек», «Үш сыйлық» атты қысқаметражды мультфильмдерге 2 D форматында анимациялық суреттер салды.
Ал, қазір дайындап жатқан «Мұзбалақ» мультфильмі саятшылық пен құсбегілік өнерді дәріптейді. Сценарий авторы - Ербол Бораншы.