Басты Жаңалықтар Елордалық оқушылар «Абай жолы» романынан сахналық қойылымдар көрсетті

Елордалық оқушылар «Абай жолы» романынан сахналық қойылымдар көрсетті

Елордалық оқушылар «Абай жолы» романынан сахналық қойылымдар көрсетті

Дарынды балаларға арналған № 81 Аstana English School гимназиясында «Ғасырдан - ғасырға» қалалық интеллектуалды байқаудың финалы өтті. 

Бұл жолы байқау ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналды.

Байқаудың мақсаты - балаларды патриотизмге тәрбиелеу, ұлы қазақ ойшылының философиялық және ақындық мұрасының құндылықтарын түсіндіру және балаларды сахна өнеріне баулу.

Финалда іріктеу турында ең көп балл жинаған мектеп командалары шеберлік байқасты.

Бірінші кезекте қатысушылар М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан сахналық қойылым ұсынды. Екінші кезеңде білімдерін сынаса, соңғы сайыста «сиқырлы» сандыққа салынған затты тауып айтуға тиіс болды.

Интеллектуалды жарыста Гран-при №40 орта мектеп оқушыларының командасына бұйырды. Жеңімпаздарға сыйлық ретінде Абайдың туған жеріне жолдама берілді.

№76 және №64 мектеп оқушылары І орынды өзара бөлісті. Оларға «Абай әліппесі» шығармасының электронды нұсқасы табысталды. ІІ орын № 78 және № 48 мектептерге, ал, ІІІ орын №3, №54 және №73 мектеп командаларына берілді.

Байқауға қатысушылардың барлығына М Әуезовтың төрт томдық «Абай жолы» романы мен диломдар табысталды.

 

astana.gov.kz

Бөлісу