«Бірге-бір» ойынына қатысыңдар!

Достар, «Бірге-бір» ойынының жеңімпазы атануға дайынсыңдар ма?
Ойында студия қонағы мен көрермен сайысқа түседі. Жарыс екі кезеңнен тұрады. Алғашқысы – «Сөзжұмбақ».
Алдымен ортаға ойыншы шақырылады. Ол хабарласқан көрерменге үш сөзді іс-қимыл арқылы жасырады.
Ал, көрермен қандай сөздер екенін табу керек. Әр сөзді табуға 15 секунд беріледі. Егер берілген 3 сөздің барлығын дұрыс тапса, екінші айналымға өтеді.
Екінші кезең – «Әнжұмбақ». Бұл айналымда студия қонағы құлаққап киіп, әннің ырғағына қосылады.
Хабарласқан көрермен оның қандай ән орындап тұрғанын табуы керек. Егер барлық тапсырманы орындаса, «Бірге-бірдің» жеңімпазы атанады.
«Бірге-бір» хабары дүйсенбі-жұма аралығында сағат 16:00-де тікелей эфирге шығады. Ал, қайталауы сағат 08:05-те.
Тікелей эфир телефондары: +7 (7172) 554 333, +7 (7172) 554 444.