Павлодарлық оқушылар халықаралық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

Павлодарда есту қабілеті нашар балаларға арналған №1 мектеп-интернатының оқушылары «Қыс-2016» маусымында «Инфосабақ» жобасы шеңберінде биология және география пәндерінен халықаралық дистанциялық олимпиадаға қатысып, жүлдері орындарға ие болды.
Облыстық Білім беру басқармасының маманы Балжан Әділханованың айтуынша, олимпиада қортындысы бойынша мектеп оқушылары жоғары нәтиже көрсеткен.
«7 сыныпта оқитын Тимур Еркасов, Айжан Тәтенова мен Бағлан Жақыпова география пәнінен І дәрежелі диплом иегері атанса, Максим Бездольный ІІ орын иеленді. Биология пәнінен 9 сынып оқушылары Игорь Корман мен Леонид Руденко ІІ орынды қанжығаларына байлады», - деді Б.Әділханова.
Сондай-ақ, есту қабілеті нашар балаларға арналған №1 мектеп-интернатының балалары V бүкілресейлік халықаралық «Білім бұлағы - 2016» атты интернет олимпиадаға қатысты. Аталмыш жарыста оқушылар алғаш рет орыс тілі мен әдебиеті, тарих, биология және химия пәндері бойынша бақ сынады.
pavlodarnews.kz