Наурыз тойы
Төбеден бұлт көшеді,
Қар еріп, жел еседі.
Мұны көрген бар халық,
Көктем келді деседі.
Көктем келіп жеткенде,
Наурыз тойы болады.
Құстар ұшып кеткенде,
Қайта ағашқа қонады.
Наурыз келген уақытта,
Бәрі, бәрі бақытты.
Атпен ерлер шабысты,
Қыран құстар қалықтап.
Көк аспанда көп ұшты.
Туған туыс жиналды,
Қуанышты бәрі де.
Бата берді,ән салды.
Ұл-қыз, жасы кәрі де.
Ұлыстың ұлы күнінде.
Шаттанайық бәріміз,
Құтты болсын біздерге.
Құт әкелсін әз Наурыз!
Домбырамды алайын,
Жырмен тілек тілеп қояйын.
Көптен күткен мереке,
Наурыз құтты болсын, ағайын!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02